Credits to [Manki Kim](https://unsplash.com/photos/person-grinding-cleaver-BtHjHxh-D7I)

Балта қаншалықты өткір болса да, жүзі жаңылып өтпей қалатын күн туады. Бұл күннің тууы балтаны қаншалықты жиі қолданып, қаншалықты қатты заттарды шапқанға байланысты. Балтаның жүзі жаңылып өтпей қалған кезде оны қайрау қажет. Әйтпесе, балта өз ісін атқара алмайтын дәрежеге жетеді.

Адамда дәл сол сияқты. Егер дер кезінде өз-өзін қайрап ұштап тұрмаса, жүзі жаңылып өз міндетін атқара алмайтын дәрежеге жетеді. Өзін қайрау үшін адам, дер кезінде демалып, денені шынықтырып, ой үшін кітап оқып тұруы қажет.