Кітапхана көлемі
Ауқаттыларда үлкен кітапхана болса, кедейлерде үлкен теледидар бар. Кішкентай ғана сөз, бірақ қандай үлкен мағына десейші. Өкінішті бірақ шын мәнісінде адамдардың кедейлік үстіне кедей бола түсуінің бір себебі олардың ақшаны дұрыс қолдана алмауында. Соның мысалы ретінде теледидар, балаларына playstation, балалары қатарынан кем болмасын деген ниетпен компьютерді несие алып, қарызға батып, сатып алып жатқан отбасыларды айтуға болады. Мысалы мен бір рет, Шұғыла қайырымдылық қорымен бірге жағдайы төмен отбасылардан сауалнама алуға барғанмын. Сонда кезіктірген бір отбасыдан “сізге не қажет? неге мұқтажсыз” деп сұрасақ. Олар: “Балаларым компьютер ойнағысы келеді. Олар ОЙНАСЫН деп компьютер алғымыз келеді” деген болатын. Сондағы балалары бастауыш сыныпта. Жастайынан балаларына ком. ойындарына тәуелділік туғыздырса, онда олар қалай болашақта қазіргі жағдайларынан шыққысы келеді? Оданда балаларымды оқытқым келеді! Курсқа тіркелуге жәрдем бере аласыздар ма? деп сұрамайды ма!!! Егер осыған байланысты басқа да ойларыңыз болса, өтінем пікір қалдырыңыз. Бірдеңе етіп, мұндай жағдайды өзгертуіміз керек