Кітап "Burn the Business Plan"
Мен негізі көп кітап оқимын. Бір жылда 20-30 кітап оқимын деуге болады. Бірақ сол кітаптардың ішінде 1 апта ішінде толығымен оқып шыққан, онымен қоса, оқу барысында қалам мен қағазды пайдалану арқылы қызық ойларды жазып отырған кітаптар саны бір қолдың саусағымен ғана санауға болатын шығар. Солардың бірі #CarlShramm-ның “#BurnTheBusinessPlan” деген кітабы.
Бұл кітап бизнес туралы ойлап жүрген, неден бастау керек екенін әлі білмейтін, немесе білемін деп ойлайтын адамдар үшін жазылған дер едім. Бірақ қазір табысты бизнесіңіз бар болса да, бұл кітапты оқығаннан ештеңе ұтылмайсыз. Қайта мүмкін жаңа ойлар келіп қалар.
Кітаптың мазмұнын бір сөйлеммен жеткізу керек болса, мен былай деп қорытылындайтын едім:
Бизнесті үйрену үшін, алдымен бизнесті бастау керек. Бизнесті шын мәнінде тек іс жүзінде үйренуге болады. Бизнес жоспар жазу, бизнестің сәтті болуына кепіл бола алмайды.
Негізінен маған теориядан гөрі практикаға көп мән беретін кітаптар ұнайды. Сондықтан бұл кітап шын мәнінде сондай кітап дер едім. Кітапта іс жүзінде пайдалануға болатын көптеген нұсқаулар табуға болады. Онымен қоса автор өзінің жасаған тұжырымдамасын қолдайтын деректерді де кітапта көрсетуді ұмытпаған. Кітап әр түрлі сферадағы case-studies-тен мысалдар келтіру арқылы жазылған.